Облыстық сотта Call-орталықтың қызмет ету және статистикалық есептерді қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің мамандары аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілерімен және мамандарымен Call-орталықтың қызмет етуі, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Бөлім басшысы Сәуле Шауыпкелова іс-шараны аша отырып, талқылау барысында көтерілетін сұрақтардың маңыздылығын баса айтты.
СҚО соттарының атына Жоғарғы Соттың Call-орталығы арқылы түскен өтініштер бойынша бөлімнің бас маманы Марал Қожырақаева баяндама жасады. Ол өз баяндамасында соттардың меңгерушілері мен мамандарының назарын кеңсе қызметкерлерінің жұмыс сапасын жақсартуды қамтамасыз ету (кәсіби деңгейін көтеру және процессуалдық мерзімдерді сақтау) мәселесі бойынша үнемі бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне аудартты.
Бас маман Сандуғаш Сайдалина өз баяндамасында азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру тәртібін түсіндірді.
Шынар Мұқжанова қылмыстық істер бойынша статистикалық есептерді қалыптастыру барысында жол берілетін қателерге мамандардың назарын аудартты.
Кездесу барысында кеңсе меңгерушілеріне жұмыстағы кемшіліктерді баса көрсетіп, соттардағы іс жүргізуді дұрыс жүзеге асыру бойынша ұсынымдар берілді.

 

Қайнар: 
СҚО Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімі