Айыртау аудандық сотында "Дауды (жанжалды) партисипативтік рәсімтәртібімен реттеу туралы келісім" тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау аудандық сотында "Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім" тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық сот судьялары, аудандық прокуратура өкілдері, адвокаттар және үкіметтік емес ұйымдар, БАҚөкілдері қатысты.
Т. Бектұрсынов өз сөзінде, азаматтық істерді қарау барысында қолданылатын, яғни қорғаушылардың көмегімен тараптардың дауды партисипативтік келісім тәртібімен реттеу туралы тәсілдері бойынша айтып өтті.
Сонымен қатар, осы балама түрдегі дауды реттеудің артықшылығы туралы, яғни қорғаушылар тараптарға заң талаптарын бұзбай даудың шешімін табу үшін, білікті заң көмегінің және келісімінің жобасын дайындау бойынша көрсететін көмегі туралы айтты. Қорғаушылар өздеріне сенім білдірушінің барлық құқықтық салдарын ескеруге тиіс, себебі ол, шешімнің келешекте орындалуын жеңілдетіп, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттырып, сот даулары бойынша азаматтардың арасындағы наразылығын төмендетеді және сот жұмыстарын азайтып женілдететінін көрсетті.
Іс-шара соңында, қатысушылар азаматтық істерді қарау барысында партисипативтік рәсімді қолдану бойынша сұрақтарды талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
 
 
 
Источник: 
Айыртау аудандық соты