Архив событий

19/08/2016

Тимирязев аудандық сотында «Сотқа әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі бағытау кезінде хаттама толтыру барысында ҚРӘҚБтК нормалары сақтау» тақырыбына семинар өткізілді

19/08/2016
Тимирязев аудандық сотында «Сотқа әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  істі бағытау кезінде хаттама толтыру барысында ҚРӘҚБтК нормалары сақтау» тақырыбына Тимирязев ауданының ІІБ қызметкерлерінің прокуратура, әділет басқармасының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинардың өткізілу мақсаты- әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді рәсімдеудің тиімділігі және олардын сотқа жолдануы.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мемлекеттік қызметшілернің әдеп кодексін талқылады

19/08/2016
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік қызметшілернің әдеп кодексін» (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережесін) зерделеу бойынша семинарлық сабақ өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі А.З. Бралина баяндама оқыды. Зерделеу барысында  мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан асқан сенім білдіру мен мемлекеттік қызметшінің моральдық–этикалық келбетіне жоғары талаптар қоятындығы аталып кетті.

Ұсынуларды орындамағаны үшін ауылдық мектепке бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынған

19/08/2016
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабының 3-бөлігі бойынша «Новосветловская средняя школа» КММ-не қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 08.08.2016 жылы СҚО Айыртау ауданы Новосветловка ауылында орналасқан «Новосветловская средняя школа» КММ-де, Айыртау ауданы ТЖ бөлімімен 06.05.2016 жылы берілген заңды ұсынуларды орындалғаны туралы тексеру барысында, ұсыныстын № 1 бөлігі орындалмағаны туралы анықталды.