Тайынша ауданының № 3 соты әкімшілік құқық бұзушылық істерді ресімдеу туралы талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тайынша ауданының № 3 соты әкімшілік құқық бұзушылық істерді рәсімдеу бойынша мәселелерін талқылау туралы семинар өткізді.
Семинарға Тайынша ауданының ІІБ қызметкерлері және де ҮЕҰ өкілді қатысты.
Өз сөзінде аудандық сотының төрағасы Т. Смағұлов, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасалған кезде ІІО қызметкерлерінің тарапынан бұзушылықтар бар, атап айтқанда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға туралы жалған деректер көрсетіледі  деп атап өткен.
Төрағасы әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғау туралы, әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғау үшін себептері мен негіздері туралы, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 41 бөлім нормаларын қолдану мәселелерін түсіндірді.
Семинарға қатысушылар пікір алмасып Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің нормаларын қолдану туралы ұсыныстар талдап-жасады.

Источник: 
Тайынша ауданының № 3 аудандық соты