Азаматтық іс бойынша сот дауы жақтардың татуласуымен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау ауданының №2 аудандық соты жеке тұлғалар арасындағы 45800 тенге қарызды өндіру жайлы азаматтық дауды қарады.
Талап қоюшы «С»  жауапкер «Е-ге» жоғарыда көрсетілген қарыз соммасын өндіру жайлы талаппен  сотқа жүгінді.
Сот қарауы барысында жақтар сотқа, екі тарапта қол қойған бітімгершілік келісімін ұсынды, оның шарты бойынша жауапкер белгіленген уақытта талап қоюшыға 45800 тенге қарыз соммасын төлеп беруге міндеттелді, ал талап қоюшы өз кезегінде жауапкерге қойған материалдық-құқықтық талабынан бас тартып, істің қысқартылуына қарсы еместігін көрсеткен.
Сот  бітімгершілік келісімін бекітіп, сол себепті талап қоюшының 458 тенге көлемінде төлеген мемлекеттік баж түріндегі сот шығынын қайтарып, азаматтық іс бойынша өндірісті қысқартты.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қайнар: 
Айыртау ауданының №2 аудандық соты
Тегтер: