Архив событий

27/06/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соты тілшілер мен судьялар арасында боулинг бойынша турнир өткізді

27/06/2017
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының судьялары тілшілер мен судьялар арасында боулинг бойынша турнир ұйымдастырды.
Іс-шараға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, облыстық және қалалық соттардың судьялары қатысты.
Турнирді облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашты. Ол тілшілерді мерекемен құттықтап, оларға шығармашылық сәттіліктер, ұшқыр ойлар, амандық пен денсаулық тіледі.

Айыртау аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өткізілді

27/06/2017
Айыртау аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі»  тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық кеңсе меңгерушісі А. Рахимова, сот мамандары, Айыртау ауданы бойынша арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жұмыс барысында аға сот приставы А.Макишев баяндама жасап, ол сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіп, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді тежейтінін айтты.

Уәлиханов аудандық сотында тұрғындардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді

27/06/2017
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында Уәлиханов аудандық сотында тұрғындарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Жоспарланған кездесу аясында қазіргі қолданыстағы жер заңнамасына қатыстым қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Судья С.Т.Темірбеков жер учаскелерін рәсімдеу, және де азаматтардың негізгі құқықтары мен олардың заңды мүдделері жөнінде және тағы да басқа сұрақтарға құқықтық түсініктеме берді.