Архив событий

23/06/2017

Солтүстік Қазақстан облысы соттарының командасы мемлекеттік қызметшілер арасында мини-футбол бойынша өткен облыстық спартакиадада бірінші орын алды

23/06/2017
Солтүстік Қазақстан облысы соттарының командасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі және Мемлекеттік қызметші күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадаға қатысты.
Салтанатты іс-шара облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен А.Винокуовтың атындағы Спорт сарайында өтті.
Сайыс мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, дойбы, гір спорты бойынша өткізілді.