Архив событий

01/06/2017

Соттар әкімшісінің ұжымы жетім балалар мен ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балаларды Халықаралық балалар күнімен құттықтады

01/06/2017
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің ұжымы 1-маусым Халықаралық балалар күнін мерекелеу құрметіне «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы» КММ-нің балаларымен кездесті.
Кездесу барысында Соттар әкімшісінің ұжымы балаларды Халықаралық балалар күнімен құттықтады және зор денсаулық, амандық, махаббат, жақсы көңіл-күй және өмірде қуаныш тіледі.

Қылмыстық істер жөніндегі сот балаларды қорғау күніне арнап қайырымдылық шарасын өткізді

01/06/2017
Балаларды қорғау күні–бұл тек  балаларға арналған көңілді мереке ғана емес,  барлық балалардың бақыты балық шағына, толық білім алуларына, сүйікті істерімен айналысуға жағдай жасауды  және болашақта үлгілі ата-ана және өз елінің беделді азаматтары болулары үшін қоғамға бала құқығын қорғау қажеттігі туралы еске салу үшін жасалады.
Осы күні балалардың өмірін жақсартуға бағытталған қайырымдылық шаралары жүргізіледі.