Архив событий

20/06/2017

Баласының сабақты босатқандығы үшін анасы жауапкершілікке тартылды

20/06/2017
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Д. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында Д.  2000 жылы туылған Д.. қатысты ата-аналық  міндеттерін тиісті түрде орындамайтындығы анықталды, кәмелетке толмаған себепсіз 2016-2017 оқу жылында  14 (он төрт) оқу сабағын босатқан.
 Сот отырысында азамат Д. әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығын толық мойындады.