Солтүстік Қазақстан облысы соттарының командасы мемлекеттік қызметшілер арасында мини-футбол бойынша өткен облыстық спартакиадада бірінші орын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысы соттарының командасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі және Мемлекеттік қызметші күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадаға қатысты.
Салтанатты іс-шара облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен А.Винокуовтың атындағы Спорт сарайында өтті.
Сайыс мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, дойбы, гір спорты бойынша өткізілді.
Ойын қорытындысы бойынша облыс соттарының құрамасы футболдан бірінші орын алды. Гір спортында екінші орынды Есіл аудандық сотының сот отырысы хатшысы Манас Болат иеленді. Командалық есепте және жеке біріншілікте бірінші орынды Соттар әкімшісінің бас маманы Қайрат Бекқожин және Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Ажар Қоспанова иеленді.
Дойбы бойынша сайыста үшінші орынды Соттар әкімшісінің бас маманы Әсел Сәрсекеева және Петропавл қалалық сотының бас маманы Ержан Лұқпанов иеленді.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: