Уәлиханов аудандық сотында тұрғындардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында Уәлиханов аудандық сотында тұрғындарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Жоспарланған кездесу аясында қазіргі қолданыстағы жер заңнамасына қатыстым қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Судья С.Т.Темірбеков жер учаскелерін рәсімдеу, және де азаматтардың негізгі құқықтары мен олардың заңды мүдделері жөнінде және тағы да басқа сұрақтарға құқықтық түсініктеме берді.
Өткізілген шара қорытындысында келуші азаматтар кеңес алғандары үшін өз алғыстарын білдірді.
Қайнар: 
Уәлиханов аудандық соты