Солтүстік Қазақстан облыстық соты тілшілер мен судьялар арасында боулинг бойынша турнир өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының судьялары тілшілер мен судьялар арасында боулинг бойынша турнир ұйымдастырды.
Іс-шараға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, облыстық және қалалық соттардың судьялары қатысты.
Турнирді облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашты. Ол тілшілерді мерекемен құттықтап, оларға шығармашылық сәттіліктер, ұшқыр ойлар, амандық пен денсаулық тіледі.
Бұдан әрі, ойын ұйымдастырылды онда «Хабар 24», «Хабар», «КТК», «Астана», «Бірінші Еуразия», «Муниципалдық телерадиоарна», «Қазақстан-Петропавл» телеарналарының тілшілері, «Литер», «Юридическая газета», «Экспресс К», «Северный Казахстан», «Солтүстік Қазақстан» баспасөз БАҚ-ның, «Казинформ» интернет басылымының тілшілері жеңіс үшін сайысты.
Қызықты сайыста «Рубикон» командасы жеңіске жетті. «Серые будни» командасы күміс жүлдені, «Мерген» командасы қоланы жүлдені иеленді.
«Жеңіске деген ынтасы үшін» және «Спортқа деген үміт» арнайы аталымдарда келесі  «Фортуна» және «Әділет» командалары көзге түсті.
 Жеке біріншілікте «Ең дәл ойыншы» номинациясы бойынша «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Орынбасар Tөлeпбергенқызы, «Боулинг Ханым» номинациясы бойынша Муниципалдық телерадиоканалының бас редакторы Халия Жулдаспаева, «Боулинг мырза»  номинациясы бойынша «Хабар 24»  тілшісі Айдарбек Балгабеков танылды.
«Ең табысты лақтыру» номинациясы бойынша  «КТК» тілшісі Гульмира Саулебекова, «Барынша әсер жылдамдығы» номинациясы бойынша  «Қазақстан – Петропавл» телеарнасының редакторы Баян Қалиева, «Керемет страйк» номинациясы бойынша «Хабар» операторы Төлеген Иманов танылды.Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Тілшілер осы турнирді өткізуді ұйымдастырған судьяларға алғыстарын білдірді және болашақта осындай шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналатынына үмітті екендерін атап өтті.
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: