Айыртау аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау аудандық сотында «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі»  тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық кеңсе меңгерушісі А. Рахимова, сот мамандары, Айыртау ауданы бойынша арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жұмыс барысында аға сот приставы А.Макишев баяндама жасап, ол сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіп, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді тежейтінін айтты.
Сонымен қатар, сот ғимаратына өткізу режимін күшейту, сот судьяларымен сот мамандарын қауіпсіздендіруін қамтамасыз етуге ғана бағытталған емес сонымен қатар жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмауын ескерту шараларының бірі болып келетінін атап өтті.
 Іс – шара сонында кеңсе меңгерушісі сот мамандарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қатаң сақталуы тиіс екендігін атап өтті.
Қайнар: 
Айыртау аудандық соты
Тегтер: