Үш баланың анасы ұзақ уақытқа оларды қараусыз қалдырғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Д.Оқатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 2б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында О.   өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты  ата-аналық міндеттірін себепсіз атқармағандығы үшін ҚР ӘҚБтК 127 б. 1б. бойынша  әкімшілік алдында әкімшілік жауапкершілікке тартылған бола тұра қайтадан ұқсас әкімшілік бұзушылық жасады. Азамат О. 2001ж., 2008ж., 2017ж., үш кәмелетке толмаған балалары бар. Анасы балаларының оқуына және тәрбиесіне, олардың тұрып жүруіне жағдай жасамайтындығы, алкогольдік ішімдіктер ішетіндігі, сонымен қатар ұзақ уақытқа балаларын жалғыз қалдырытындығы анықталды.
 Сот отырысында азамат О. әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығын толық мойындады және оған өкінді, ол өзінің 2017 жылдың 21 ақанынан 26 ақпан аралығында өзінің балаларын сонымен қатар, жеті айлық Д.  ата-анасының қарауынсыз бес күннен аса  қалдырып және балаларымен бірге тұрмағандығын баяндады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат о. ҚР ӘҚБтК-нің 127б. 2б.  бойынша көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліккке тартылды, оған 45380 теңге соммасында айыппұл салынды. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Источник: 
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты