Ата-аналық міндеттерін орындамағандығы үшін айыппұлға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азаматша В. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.
Сот отырысының барысында  Қызылжар ауданы Новоникольское с. тұрғыны В. кәмелетке толмаған 2000 ж.т. С. қатысты  өзінің ата-аналық міндеттерін орындамайды, оның оқуына көңіл бөлмейді,  оның оқуын бақыламайды, баласы оқу сабақтарына қатыспайды.
Сот отырысында В.  құқықбұзушылық жасағанын толығымен мойындады және баласының оқуының қадағаламайтындығын растады,  соның салдарынан баласы мектеп оқыуын себебсіз босатқан.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азаматша В. ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. бойынша көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліккке тартылды, оған 15 883 теңге соммасында айыппұл салынды. 
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты