Студенттердің сотқа келуі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 28 наурызда «Ашық есік күні» өтті.
   Кездесуді Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.М. Сатвалдинова жүргізді, іс-шараға Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл педагогикалық колледжінің 4-курс студенттері қатысты.
   Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойды, әсіресе соттың қандай істерді қарайтыны, азаматтардың алқа билер қатарына қалай енетіні, заңгер мамандағының ерекшелігі жөнінде сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды. 
Кездесудің соңында студенттер сот отырысының залдарына саяхат жасады.
   Қатысушылар ұйымдастырушылардың атына алғыс сөздер айтып, іс-шара жылы лебізде өтті, әрі қатысушылар үшін қызықты әсер қалдырды.
 
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты