Медиативтік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мамлютка аудандық сотында «СҚО Мамлютка ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы» жанындағы ШЖҚ МҚМ-ге азамат П.-ның жұмысқа қайта қабылдау және амалсыз бос жүрген уақытқа төлемақы төлеу туралы жазған арызы бойынша тараптардың медиативтік келісімге келуіне байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Талапкер жауапкерге жұмысқа қайта қабылдау және амалсыз бос жүрген уақытқа төлемақы төлеу туралы жазған арызбен сотқа жолықты. Бірақ, сот отырысында тараптардан медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш келіп түсті.
Тараптармен жасалған медиативтік келісім заңға қайшы келмейтінін, барлық тараптардың мүддесіне сәйкес жасалғанын, оның орындалатынын ескере отыра, келісімнің талаптары басқа тұлғалардың мүддесін бұзбайтындықтан, сот медиативтік келісімді бекітті.
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 5-бөлігіне сәйкес азаматтық іс жүргізу барысында медиацияны өткізуде тараптармен қол жеткізілген дауларды реттеу туралы келісім жедел түрде, өндірісінде азаматтық іс бар судьяға жолданады. Дауды реттеу туралы келісім Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексімен көзделген тәртіпте сотпен бекітіледі. Сонымен қатар сот бір уақытта іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Медиативтік келісімді жасай отыра, тараптар келесі шешімге келді:
- жауап беруші «СҚО Мамлютка ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы» жанындағы ШЖҚ МҚМ-сі талапкер П.-ға 5 күн ішінде, медиативтік келісімге қол қойылған күннен бастап, 113484 теңге мөлшерде амалсыз бос жүрген уақытқа өтемақы төлейді.
 
Мамлютка аудандық соты