аудандық соты

Ақжар аудандық сотымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 - жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді

19/05/2015
Ақжар аудандық сотымен Қазақстан халқы Ассамблеясына 20-жыл толуына орай  аудандық кітапханада «дөңгелек үстел» өткізілді. Осы шараға  аудандық соттың судьялары мен мамандары, Ақжар аудандық әкімшілігінің ішкі  саясат бөлімінің, мәдениет және тілді дамыту бөлімінің және аудандық прокуратура өкілдері қатысты.
2015 жылдың наурыз айында біздің ортақ елімізде тұратын халықтардың достығымен бейбітшілікті жүзеге асыратын ғажайып мекемеге -  Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 – жыл толды. 

Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына байланысты Ақжар ауданында дөңгелек үстел өткізілді

24/04/2015
Бүгін, аудандық орталық кітапханада Ақжар аудандық соты Қазақ хандығының 550 -жылдық мерейтойы шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы, мамандары  және прокуратура, ішкі істер бөлімі, аудан әкімшілігінің өкілдері қатысты.
Ақжар аудандық сотының төрағасы Н.Ә. Әріпхан өз баяндамасында, Қазақстан жастары – қазіргі ұрпақ қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинаған білімін, салт- дәстүрін, тарихын болашақ ұрпаққа сақтап тапсыруы қажет екенін айтты.

Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік заңнамасының нормаларын түсіндіру

30/10/2014
Мамлют аудандық сотында «Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік заңнамасының нормаларын түсіндіру» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Сот төрайымы Т.М. Бекмагамбетова  ҚР  жаңа әкімшілік заңнамасының негізгі нормалары,  азаматтық процессуалдық заңынан, жеке тұлға мен ресми әкімшілік арасындағы дауларды реттейтін заң нормаларын еңгізу жоспары туралы айтып берді.
Бұл сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар
мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын

Шал ақын аудандық сотында ҚР жаңа қылмыстық кодексін талқылау өткізілді

29/10/2014
Шал ақын аудандық сотында «Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына Шал ақын аудандық сотының судьялары, прокуратура өкілдері және ауданның ішкі істер органдары қатысты.

Әкімшілік істер бойынша хаттамаларды қайтаруға байланысты қиындық тудыратын мәселелер

24/09/2014

Шал ақын аудандық сотында дөңгелек үстел өтіп, жиналғандар әкімшілік істер бойынша хаттамаларды қайтаруға байланысты проблемаларды талқыға салды. Іс-шараға судьялар, прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, сот орындаушылары қатысты.

Заңсыз аңшылық

04/09/2014

Есіл аудандық сотының үкімімен азамат Е. ҚР ҚК 288-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеу арқылы 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу түріндегі жаза тағайындалды.

Бюджеттік қаражат өндіріп алынды

11/06/2014

«Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматша Ш-дан әлеуметтік қолдау шарасы ретінде алған бюджеттік қаражат сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Медиативтік келісім жасалды

17/04/2014

Мамлютка аудандық сотында «СҚО Мамлютка ауданы әкімдігінің ветеринарлық станциясы» жанындағы ШЖҚ МҚМ-ге азамат П.-ның жұмысқа қайта қабылдау және амалсыз бос жүрген уақытқа төлемақы төлеу туралы жазған арызы бойынша тараптардың медиативтік келісімге келуіне байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Жер құқықтық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар өтті

14/04/2014

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотында прокуратура, адвокатура, Бескөл, Прибрежный ауылдық округтерінің, «ЗЕМСТРОЙ» ЖК, «Жер қатынастары жөніндегі РММҒӨО» филиалының, СҚО «ХҚКО» РММ Қызылжар бөлімінің, «Қызылжар-жер» ЖШС өкілдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Жер құқықтық қатынастар саласындағы даулардың туындау негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.