Ақжар аудандық сотымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 - жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақжар аудандық сотымен Қазақстан халқы Ассамблеясына 20-жыл толуына орай  аудандық кітапханада «дөңгелек үстел» өткізілді. Осы шараға  аудандық соттың судьялары мен мамандары, Ақжар аудандық әкімшілігінің ішкі  саясат бөлімінің, мәдениет және тілді дамыту бөлімінің және аудандық прокуратура өкілдері қатысты.
2015 жылдың наурыз айында біздің ортақ елімізде тұратын халықтардың достығымен бейбітшілікті жүзеге асыратын ғажайып мекемеге -  Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 – жыл толды. 
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының шоғырландыру рөлімен Қазақстан хылқы жинтығының қазақстандық патриотизм, азаматтық және рухани – мәдениет негізінде қазақстандық азаматтық бірлікті және ұлттың бәсекелесуге қабілетті болуын қалыптастыру процессінде Қазақсатан Республикасында этникааралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Құрылғанынан бері, өзінің қалыптасу жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен мүмкіндіктер жинап халықтық дипломатия институтына трансформацияланды. Еліміздің 100 астам этностарының басын қосатын бұл ғажайып институт республикамызыдың бірқалыпты және алға өрбу жолына үлкен үлес қосты.
Төраға және аудандық сот мамандары, әрбір азамат өзінің ұлтына, дінге көзқарасына қарамастан Конституциямен қорғалатын өздерінің азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық қолданатындығын, Ассамблеяның атқарып жатқан жұмысының арқасында елімізде этника және конфессиялар аралық келісім моделі пайда болды.

 

Источник: 
Ақжар аудандық соты