Жер құқықтық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотында прокуратура, адвокатура, Бескөл, Прибрежный ауылдық округтерінің, «ЗЕМСТРОЙ» ЖК, «Жер қатынастары жөніндегі РММҒӨО» филиалының, СҚО «ХҚКО» РММ Қызылжар бөлімінің, «Қызылжар-жер» ЖШС өкілдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен «Жер құқықтық қатынастар саласындағы даулардың туындау негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.
Сот судьясы Әсел Досымова семинарды аша отырып, сот статистикасы көрсеткендей, жерге қатысты заңнаманы қолданумен қаралған істер санының тұрақты өсу тенденциясының орын алғанын атап өтті. Айтылған санатта қаралған істердің артуы жер құқықтық қатынастарымен байланысты сұрақтардың өзекті екенін куәландырады.
Даулардың пайда болу себептерінің негізгісі меншік құқығын және жерді қолдану құқығын ұсыну немесе тоқтатуда жер заңнамасының нормаларын бұзу, азаматтарға жер учаскелерін ұсыну, жер учаскелерінің шектерін анықтау құқығын беру туралы әкім шешімдерінің және әкімдік қаулыларының заңсыздығы болып табылады, яғни жер құқықтық қатынастар саласында өкілетті мемлекеттік органдар әрекеттерінің заңсыздығы, не әрекетсіздігі.
Дауларға қатысушылар арасындағы даулы жағдайлар жер органдарының (ДММ, СҚО бойынша жер қатынастары жөніндегі РҒӨО) кінәсінен пайда болады, өйткені олар аймақтағы даулы жер учаскелері бойынша шек қойған жоқ және жер-кадастрлық картаға (кестеге) енгізген жоқ. Осының нәтижесінде талапкер мен жауапкерлер бір жер учаскесінің бөлігіне әр-түрлі мекенжайлармен меншік құқығын тіркейді. 
Семинар барысында прокурордың көмекшісі Г.К. Бопанова, Бескөл ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Х. Дәуенова, Прибрежный ауылдық округінің әкімі Н.Т.Омаров, «Қызылжар-жер» ЖШС-нің директоры Б.С.Касимова сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар жер заңнамасын қолдану аясындағы келелі мәселелерді талқыға салды.
Семинар соңында жиналғандар талқыланған сұрақтар бойынша алдағы жұмыс барысында қолдану үшін ұсынымдар әзірледі. Атап айтқанда:
- ауылдық округтердің әкімдері елді мекендердің бөлшекті жоспарлау және басты жоспарларды әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты тездету қажет;
- ауылдық округтердің әкімдік ғимараттарында жер учаскелерін ұсыну тәртібі және мерзімдері туралы ақпараттық стендтерді ілу қажет;
-  ауылдық округтердің әкімдері тұрақты негізде «Жер қатынастары бөлімі» ММ-не және жер инспекциясына жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану және пайдаланбау туралы ақпаратты ұсыну қажет;
- жобаны құрастырушылар жер учаскесінің акт-таңдауын құрастыру барысында жер учаскелерінің салымдарын не әр-түрлі тұлғаларға бір жер учаскесін ұсынуды болдырмау үшін ауылдық округтерінің әкімдерін жұмысқа тарту қажет.
 
Қызылжар аудандық соты