Алимент қарызын төлемегені үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Уәлиханов аудандық сотында азамат И-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат И., өндіріп алушы М-ның пайдасына кәмелетке толмаған баланын асырап бағу үшін ¼  бөлікте алимент өндіру туралы Астана қаласы  сотының 12.01.2017 жылғы сот бұйрығын орындамай,  берешек алимент қарызы 105 198 теңгені құраған.
Сот отырысында азамат И. құқық бұзушылық әрекетін толық мойындап, алимент қарыздарын тұрақты жұмысы болмағандықтан төлемегенін, сот актісін орындау мүмкін болмай жүргенін жеткізді.
Сот қаулысымен құқық бұзушы И. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Источник: 
Уәлиханов аудандық соты