Жаңалықтар

Қызылжар аудандық соты «Ашық есіктер күнін» өткізді

21/11/2023

Қызылжар аудандық сотында сот жүйесінің ашықтығы пен қолжетімділігін насихаттау мақсатында  сот төрағасы Т.Смағұловтың, Қызылжар аудандық прокуратурасының аға прокуроры М.Есқұловтың, «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС, «Парасат мектеп-лицей» КММ, «№ 3 Бескөл орта мектеб» КММ, «№ 2 Бескөл орта мектеб» КММ  9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есіктер күні» өтті.

Судьялар полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді

17/11/2023

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дамир Шамуратов, судьялар Гүлжан Талеева және Дархан Бейсов полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Қызметкерлердің бұл санаты құқық бұзушылық жасаған азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы. Полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы жиналған материалдардың толықтығы мен сапасына жауап береді, іс одан әрі сотқа жіберіледі.

Татуласу келісімін орындамағаны үшін аудан әкіміне 50 АЕК

16/11/2023

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған татуласу келісімі бекітілді, оның шарты бойынша жауапкер Қызылжар ауданының әкімі міндеттенді, сонымен қатар сот ұйғарымын орындамаудың құқықтық салдары түсіндіріле отыра талапкердің жер учаскесін жалдау шартының мерзімін ұзарту туралы арызын қайта қарауға.

 Алайда жауапкер өз міндеттерін орындамаған, осыған байланысты сот Қызылжар ауданының әкіміне ақшалай өндіріп алуды қолдану мәселесін талқылауға шығарды.

Дұрыс толтыру және құрастыру мәселесі бойынша “дөңгелек үстел” әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттамалар

16/11/2023

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан сотының судьясы Ғалия Ертаева әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы электрондық хаттамаларды толтыру мен жасаудың дұрыстығы және оларды сотқа жіберу, құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануын көздейтін  іс-әрекеттердің саралануы мәселесі бойынша “дөңгелек үстел” өткізді. Іс-шараға Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокуратурасы мен полициясының қызметкерлері қатысты.

Соттағы бітімгершілік рәсімдер

14/11/2023

Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Богатырь Комир"  ЖШС-нің "СевКазЭнерго" ЖШС-ге  1 286 393 407 теңге мөлшерінде берешек сомасын және 39 020 132 тенге сомасында мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер мен жауапкер арасында 2022 жылдан бастап келісімшарттық қатынастар бар. Дау берешекті уақтылы төлемеу салдарынан туындап, талапкер бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінді.

Қызылжар аудандық сотында сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің рөлін күшейту мәселесі талқыланды

14/11/2023

Қызылжар аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданылу арқылы оның рөлін күшейту» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Сот әкімшісінің басшысы Зайра Рамазанова  қазіргі уақытта қазақ тілінің сот ісін жүргізуде қолдану аясы кеңейіп жатқанын айтты.

З.Рамазанова сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру, іс қағаздарын жүргізу мен сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу сапасын арттыру үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 9 айдың жұмысы қорытындыланды

27/10/2023

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазин ағымдағы жылдың 9 айындағы сот төрелігін атқару бойынша жиналыс өткізді. Іс-шараға алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Сот Әкімшілігінің облыстық департаменті басшысының м.а. және оның жауапты мамандары, Соттардың әкімші басшылары қатысты.

Іс шара барысында сот алқасының төрағасы Серікбол Сапарғалиев, алқа төрағаларының м.а. Нұрлан Нұралин мен Юлия Иванова тыңдалды. Олар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігінің сапасы жөнінде баяндама жасады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

24/10/2023

Іс-шараны аша отырып, облыстық сот төрағасы Ербол Жанғазин жиналғандарды мерекемен құттықтап, бұл мереке – еліміз үшін әлем алдында дербестігімізді айқындаған күн екенін, көпұлтты Қазақстанның бірлігі, бейбітшілігі мен ынтымақтастығының символы болып табылатынын атап өтті.

- Біз Әділетті Қазақстанның іргетасын құруға кірістік. Бұл биік мақсатқа бүкіл елдің қоян-қолтық белсенді жұмыс істеуінің арқасында қол жеткізуге болады, себебі мемлекеттің ең басты тірегі мен ең басты байлығы ол – халық, - деп атап өтті Е.Жанғазин.

Беттер