Жаңалықтар

Шал ақын аудандық сотыныңда іс жүргізуді мемекеттік тілде жүргізу мәселелері бойынша семинар өтті

04/12/2023

Шал ақын аудандық соты әкімшісінің басшысы Еркегуль Ишмуханбетова «Мемлекеттік тілдегі іс жүргізу деген не?» тақырыбына сот мамандарымен семинар өткізді.

Мемлекеттік тіл – мемлекет шеңберінде саяси, әлеуметтік және мәдени салаларда интеграциялық функцияны орындайтын тіл, мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әрекет ететін мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.

Хат-хабар жасауға байланысты қызмет, оны тіркеу, жүйелеу және есепке алу іс жүргізу деп аталады.

Тұрғын үй заңнамасын қолдануда туындайтын түйінді мәселелелер талқыланды

04/12/2023

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Солтүстік Қазақстан облысының облыстық сотының қатысуымен «Тұрғын үй заңнамасын қолдануда туындайтын түйінді мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдері, ішкі істер органдарының, мекемелер мен әскери қызметтердің өкілдері қатысты.

«Сот актілерінің орындалуы туралы» тақырыбы бойынша семинар

01/12/2023

Уәлиханов аудандық сотымен «Сот актілерінің орындалуы туралы» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Іс –шараға жеке сот орындаушы, полиция, әкімдік  және жергілікті орындаушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотында меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері талқыланды

01/12/2023

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан сотының судьясы Ғалия Ертаева тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіре отырып, мүліккі қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселесі бойынша семинар өткізді.

Семинарға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның прокуратурасы мен тергеу бөлімінің қызметкерлері қатысты.

ӘРПК және жер заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды

01/12/2023

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Рспубликасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің алаңында «Әкімшілік органдардың қызметінде ӘРПК және жер заңнамасын қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Оған жергілікті атқарушы органның өкілдері, аудан әкімдері, уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаментінде «2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында семинар өткізілді

01/12/2023

ҚР Сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаментінде «2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылды.

Семинарға облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының Әкімші басшылары мен мамандары қатысты.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Амангелді Айтпаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты жеткізді.

Мектеп оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді

30/11/2023

Қазақ-түрік лицейінің оқушылары Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында өткен Ашық есік күніне қатысты.

Сот судьялары Күлнар Масимова мен Рита Оразымбетова оқушыларға соттың құрылуы және оның қызметі, сот жүйесі, жария-құқықтық қатынастар саласындағы әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Кездесуде оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.

Оқушыларға сот ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Уәлиханов аудандық сотында 2023 жылдың 25 қараша айы жағдайына жұмыстың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

30/11/2023

Уәлиханов аудандық сотында «Кызылту» аудандық газеттің өкілі Б.Б.Топанбаеваның қатысуымен, 2023 жылдың 25 қараша айы жағдайына  жұмыстың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасының м.а. Алия Акшалова қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті.

Сотта алқабиге үміткерлерімен түсіндіру жұмысы өткізілді

30/11/2023

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Әкімшісі Ә.Әбілмәжінова алқабиге үміткерлерімен сот талқылауына қатысу үшін алқабиге үміткерлерді іріктеу процесі мен алқабилер қатысатын соттың істі талқылау ерекшеліктеріне түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс шара барысында, сот Әкімшісі Ә.Әбілмәжінова алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің сотта қаралу тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіріп, алқабидің құқықтары, міндеттері және оның әрекеттеріне істі қарауға байланысты қойылатын шектеулерге аса назар аударды.

СҚО - да «балтасы бар мектеп оқушысына» алқа билер соты айыптау кесімін шығарды

30/11/2023

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған Д-ны үш кәмелеттік жасқа толмағандарды өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық іс қаралды.

 

Сотпен не анықталды

2023 жылдың 13 ақпанында сағат 07:50-де кәмелеттік жасқа толмаған 9 сынып окушысы Д., мектепте болып, бетіне өзі жасаған бедпердені киіп, өлтіру мақсатымен, бұзақылық ниетпен әрекет етіп, асханалық балтаны қолданып кәмелеттік жасқа толмағандар Г., Б., және А.-ға өмірлік маңызы бар соқылар жасады.

Беттер