Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаменті бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

29/11/2023

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде азаматтардың жұмысқа орналасуы және жұмыс іздеуі үшін ұйымдастырылған кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік органдары мен басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың кадр қызметі мамандары қатысты.

Солтүстік Қазақстан тұрғындарына сепаратистік әрекеттері үшін түрлі бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды

29/11/2023

Солтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғыны сепаратистік әрекеттері, сонымен бірге мемлекет қауіпсіздігін бұзуды насихаттап, оған жария түрде шақырғаны үшін, сондай-ақ олардың бірі оқ-дәрілерді заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін  сот алдында жауап берді.

Сот нені анықтады?

Есіл аудандық сотымен негізсіз байыту бойынша талап арыз қарастырылды

29/11/2023

Талапкер Б.  жауапкер Н.-ға 1000000 теңге сомасында негізсіз байыту сомасын және 30288 теңге сомасында бөтен ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшін айып төлем өндіріп алу туралы талап арыз ұсынды.

Талапкер талап арызда 2023 жылғы 17 наурызда оның ұялы телефонына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреуден қоңырау шалынып, оған белгісіз тұлғалардың оның банктегі есепшотын бұзбақшы болғандарын және құқыққа жатпайтын әрекеттердің алдын алу үшін «Аny desk» қосымшасын жүктеп, басқа банктерден есепшот ашу қажеттігін хабарлағандығын көрсетеді.

Есіл аудандық сотында «Қылмыстық істерді электрондық үлгіде қарастыру» тақырыбында семинар өткізілді

29/11/2023

Бас маман – сот отырысының хатшысы Лилия Нұржанова баяндамамен шықты.

Электрондық қылмыстық іс – е-ҚІ модулі арқылы электрондық үлгіде бір немесе бірнеше қылмыстық құқықбұзушылық себебі бойынша қудалаушы органмен жүргізілетін оңашаланған өндіріс.

Электрондық үлгіде қылмыстық сот ісін жүргізу туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №2 бұйрығымен бекітілді.

Мәселе сұрақтар талқыланды

28/11/2023

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сотында «Жылжымайтын мүлікке және жер участкелеріне меншік құқығы туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарау кезінде туындайтын мәселе сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ғ.Мусірепов аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізді

28/11/2023

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот Әкімшісінің  басшысы Алтыншаш Қожанқұлова сот қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру,мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдым алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау тетіктері талқыланды.

Шал ақын аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді ресімдеу» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

23/11/2023

Семинардың мақсаты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

Семинарға сот  судьялары, Шал ақын ауданының прокуроры, аудандық полиция учаскесінің инспекторлары, әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы қатысты.

Жамбыл аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

23/11/2023

Жамбыл аудандық сотында Пресновка ауылындағы Қ.Жырау атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Оқушылармен кездесу барысында сот төрағасы Г.К.Жиенбаева  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 3 бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс бойынша көрсетілім сот отырысын өткізді.

Мемлекеттік тілді дамыту – басты міндеттердің бірі

23/11/2023

Қызылжар аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту – басты міндеттердің бірі» тақырыбында судьялардың қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинар барысында істерді, сондай-ақ материалдарды мемлекеттік тілде қараудың саны мен сапасын одан әрі арттыру, іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты дайындау мәселелері талқыланды.

Судья Ғ.К.Тұрлыбаева іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік тілді кеңінен енгізу және қолдану, қазақ тілінде қаралатын істер мен материалдардың саны мен сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Беттер