Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тақырыпта семинар-кеңес өтті

13/02/2024

Қазастан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Департамент басшысының міндетін атқарушы Арман Мұсаевтың төрағалық етуімен бөлім басшыларымен, аудандық және оған теңестірілген Соттар әкімшілерінің басшыларымен және мамандарымен семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес аясында өз баяндамасында ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Амангелді Айтпаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпаратты жеткізіп,  ғимараттар мен сот жүйесі қызметкерлерінің күзетін қамтамасыз етуге байланысты кейбір мәселелерді атап өтті.

ҚР Сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаментінде жыл қорытындысы бойынша кеңес өтті

12/02/2024

Іс-шараға Департамент басшысының міндетін атқарушы Арман Мұсаев, басшының орынбасары Ренат Темірбаев, бөлім басшылары мен облыс соттары Әкімшілерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында әдеп нормаларын сақтау мәселелері, соттардың ұйымдастыру-талдау жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, орындаушылық тәртіп, кадр мәселелері, соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылы, ақпараттық технологияларды қолдану және т.б. мәселелер талқыланды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді

01/02/2024

2024 жылғы 31 қаңтарда Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларына мен мамандарына «Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Амангелді Айтпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот жүйесінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәліметтерді қатысушыларға жеткізді.

Жала жапқаны үшін жауапқа тартылды

17/01/2024

2024 жылғы 16 қаңтарда Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотымен азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2024 жылдың 4 қаңтарында азамат К. Facebook әлеуметтік желісін пайдалана отырып, өзінің жеке парақшасында ішкі істер органдарының қайтыс болған бұрынғы қызметкері, қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткері Б.-ның ар-намысына және абыройына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату арқылы көпшілік алдында жала жапты.​ ​

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау кезінде талаптарды бұзу сотта іс жүргізуді тоқтатуға негіз болды

09/01/2024

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты азамат И.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өндірісті тоқтатты.

Істің мән-жайынан, 2023 жылғы 21 қарашада сағат 14:30-да азамат И., Петропавл қаласында, Пушкин көшесіндегі «М.Қозыбаев атындағы ОҚҰ» ММ ғимаратында бола тұра, балағат сөздер айтқан. қоғамдық орында, сол арқылы басқаларға сыйламаушылық танытып, өзін-өзі дұрыс ұстамаған, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Қызылжар аудандық сотында 2023 жылдың 11 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы брифинг өтті

28/12/2023

Қызылжар аудандық сотында аудандық «Маяк» газетінің бас редакторы Н.М.Тесляның қатысуымен 2023 жылдың 11 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы брифинг өткізілді. 

Сот төрағасы Т.Смағұлов 2023 жылдың 11 айында қаралған азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар және әкімшілік істер туралы қорытындылармен ақпараттандырды.

Аталған кезеңде сотқа 593 талап-арыз түсті, 376 азаматтық талап-арыз сот өндірісіне қабылданды, 437 іс қаралды, соның ішінде 265 іс бойынша шешім шығарылса, 33 іс бойынша бітімгершілік және медиативтік келісім бекітілді.

Есіл аудандық сотында құқық бұзушылық профилактикасы бойынша брифинг өтті

27/12/2023

Брифингке сот төрағасы Зафарбек Куниязов және «Ишим» қоғамдық-саяси газетінің директоры Мейраш Абуов қатысты.

Брифинг барысында сот төрағасы БАҚ өкілін «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271-IV Заңымен толық таныстырды.

Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары адам не адамдардың шектеулі тобы тарапынан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оны жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін қолданылады.

Мемлекеттік тілдің қолданылуына арналған дөңгелек үстел өтті

27/12/2023

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында полиция қызметкерлерімен сот жүйесінде іс қағаздарын жүргізу және сот ісін жүргізудің мемлекеттік тілде жүргізілуі туралы дөңгелек үстел өтті

Әкімшісі басшысының  міндетін атқарушы Әсел Балташ мемлекеттік тілді қолдану деңгейі, жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметкерлердің іскерлік сауаттылығы, іс-қағаздарын дұрыс жүргізу, мәдени қарым-қатынаста мемлекеттік тілдің маңызына тоқталды.

Шал ақын аудандық сотында брифинг өтті

21/12/2023

Шал ақын аудандық сотында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте судья Умарова Аида Кенжебековна мен «Новатор» газетінің м.а. Абетова Галия Габбасовна қатысты.

Беттер