Жаңалықтар

Есіл аудандық сотында мемлекеттік тілді дамыту мәселесі бойынша «дөнгелек үстел» өтті

20/12/2023

Іс-шараға прокуратура, полиция органдарынан және әкімдіктен, архивтан өкілдер қатысты.
Өз баяндамасында бас маман Жұлдызай Жұматаева 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» болып табылатындығы айтылғанын атап өтті.
Конституцияны негізге ала отыра «Тілдер туралы» Заң қабылданды, осы заңның 4 бабында да «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» болып табылатындығы айтылады.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінде кадр саясатының өзекті мәселелері және этикалық нормаларды сақтау бойынша семинар өтті

15/12/2023

Семинарға Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің басшысы Б. Жанбулов, департаменттің бөлім басшылары мен Соттар әкімшілері және мамандар қатысты.

Шараны аша отырып, Департамент басшысы Арман Мұсаев талқыланатын мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, қатысушылардың назарын сот мамандарының этикалық нормаларды қатаң сақтауына аударды.

Б.Жанбулов өз сөзінде кәсіби этика нормаларын сақтау мәселелеріне тоқталды. Ол мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты негізгі шектеулер туралы айтып өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының соттарында кадрлық тағайындаулар

15/12/2023

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жалпы отырыс өткізілді, отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалған судьялар таныстырылды.

Сонымен, Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Алмаз Серікұлы Ибраев тағайындалды, Павлодар облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.

«Мемлекеттік тілді насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/12/2023

Іс-шараға аудандық прокуратураның прокуроры, адвокаттар алқасының адвокаты, заңгерлер палатасының кеңесшісі, аудан әкімдігі бөлімдерінің өкілдері және аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді аудандық сот төрағасы Г. Жиенбаева ашып, «Мемлекеттік тілді насихаттау» тақырыбында баяндамасымен таныстырды.

Сот үкімі бойынша заттай айғақтарды орындау

11/12/2023

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрағаның м.а. А.Еркебаевтың төрағалығымен «Сот үкімі бойынша заттай айғақтарды орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге СҚО ЭТД, СҚО ҰҚКД, Петропавл қаласының прокуратурасы, СҚО ПД және Перопавл қаласының ПБ мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел барысын да талқыланған ең басты сұрақ, ол сақтаудағы заттай айғақтарды жою.

Сот орындаушылардың қаулыларына рұқсат беруден бас тарту бойынша мәселелі сұрақтар талқыланды

11/12/2023

Іс-шараға жеке сот орындаушысы Аскан Садвакасов қатысты.

Есіл аудандық сотының судьясы Э.Р.Ярулина ҚР АПК 252 бабымен сот орындаушылардың қаулыларына рұқсат беру тәртібі регламенттелгеніне түсінік беріп өтті. Аталған баптың 2 тармағына сәйкес қаулыға рұқсат берілетін әрекеттерді қабылдауға негіздемені растайтын атқару өндірісінің материалдары қоса берілген. Аталған баптың 4 тармағымен сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген материалдарды қарап, соттың атқару әрекеттерін жасауға санкция беретіндігі немесе санкция беруге қарсылық білдіруі қарастырылған.

Волейбол бойынша спартакиада

11/12/2023

Солтүстік Қазақстан облыстық соты Судьялар одағының облыстық филиалымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған волейболдан жарыс өткізді.

Жарысқа судьялар, Сот әкімшілігі департаменті, прокуратура және экономикалық тергеу департаментінің командалары қатысты.

- Спорт адамның бойындағы ең жақсы қасиеттерді: мақсатқа жету, шешімділік, топта жұмыс істей білуді ашады. Олар тек спорт алаңында ғана емес, кәсіпқой аренада да жеңістерге жетуге көмектесетініне сенімдімін», - деді спорт мерекесін ашқан облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазин.

Жеке сот орындаушыға ақшалай өндіру қолданылды

11/12/2023

ӘРПК-тегі «ең ауыр» жаза ақшалай өндіріп алу болып саналады. Оны әдетте іс жүргізу құқығын асыра пайдаланатын немесе өзіне жүктелген міндеттерді орындамайтын – дәлелдемелерді ұсынбаған немесе тапсырмаларды орындауды кешіктіретін жеке, лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың өкілдеріне қолданадыі. ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес, мұндай жағдайларда олар 10-нан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл алады.

«Атамекен» ҰКП Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында «Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында кезекті вебинар өтті

05/12/2023

 «Атамекен» ҰКП Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында кәсіпкерлерге арналған вебинар өтті.

Тыңдаушыларды кеңірек қамту және жиі қойылатын сұрақтарға жауап алу үшін Петропавл қалалық ІІБ өкілдерінің шақыруымен вебинар «Атамекен» ҰКП Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының әлеуметтік парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Тыңдаушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі, белгіленген шектеулер, сондай-ақ заңды бұзған жағдайда жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

«Сот өндірісінде тілді ұстануы туралы» тақырыбы бойынша өткізілген семинар

05/12/2023

Уәлиханов аудандық сотымен «Сот өндірісінде тілді ұстануы туралы» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Іс –шараға жеке сот орындаушы, полиция, автомобиль жолдары, тұрмыстық коммуналдық шаруашылық бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

Уәлиханов аудандық соты төрағасының м.а. Алия Акшалова сотқа жіберілетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды, талап арыздарды және өтініштерді жолдаған кезде сот өндірісінде тілді ұстануы туралы процессуалдық заңының ережесін сақтау қажет екенің айтты.

Беттер