Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Республика күніне орай викторина өткізді

24/10/2023

Сот төрағасы Бекбол Баймаханов сот қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Республика күні –негізгі және жалғыз ұлттық мереке екендігін атап өтті.

Ол тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамның құрметіне бекітілді- 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан «ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация» қабылдады.

Судья А.Қожахметова жастардың бойынша патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында тақырыптық викторина өткізді , оған судьялар мен сот қызметкерлері белсенді қатысты.

Викторина қорытындысы бойынша белсенді қатысқандары үшін қызметке

Судьяға алғыс білдірілді

23/10/2023

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазинның атына Б.М. Мендихановадан алғыс хат келіп түсті.

Хатта автор облыстық сотының судьялары Ж.К. Кенжебаеваға, А.Б. Айсинаға, Т.В. Ларинаға алғысын білдіреді.

- Мен судьялар Ж.К.Кенжебаеваға, А.Б. Айсинаға, Т.В. Ларинаға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, олар істі қарау кезінде менің уәждерімді назар салып тыңдап, істің барлық мән-жайларын мұқият зерделеп, жағдайды дұрыс түсініп,бірінші сатыдағы сотта қол жеткізе алмаған әділ және заңды шешім шығарды.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі» тақырыбында семинар өтті.

20/10/2023

Іс-шарада аудандық және оларға теңестірілген соттардың Әкімшілерінің басшылары, мамандары,   ҚР Сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаментінің мамандары қатысты.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Д.Н.Едіресов облыстық террористік шабуылдар қаупі, күдікті заттар табылған және кепілге алынған кездегі әрекеттер алгоритмі бойынша ақпарат жеткізді.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде сот ғимараттарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша семинар өткізілді.

11/10/2023

Іс шараға облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттардың Әкімшілерінің басшылары, сот приставтары, «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі филиалы объектісінің бастығы А.Истембеков және күзет бөлімшесінің жеке құрамы қатысты.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Амангелді Айтпаев сот ғимараттарында жеке құрамға қызмет атқару жөнінде ақпарат жеткізді, өткізу және объектішілік режимдердің ережелерін және төтенше жағдайлар (террористік актінің қатерлері, өрттің туындауы және т.б.) туындаған жағдайда сот жүйесі күзетшілері мен қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмін түсіндірді.

Солтүстік Қазақстанның тұрғынына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

09/10/2023
СҚО тұрғыны өзінің балаларына қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін сот алдында жауап берді.
 
Соттың анықтағаны
2020 жылдан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейінгі аралықта  Б. өзінің жас қызына және кәмелетке толмаған ұлына қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы әрекеттер  жасаған.
Сотталушының кінәсі  жәбірленушілердің, жәбірленушілердің  заңды өкілінің, куәнің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындысымен анықталды.
 
Тараптардың ұстанымы

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жоғары Сот кеңесінің мүшесімен кездесу өткізілді

28/09/2023

Жоғары Сот Кеңесі тарапынан жүргізіліп  жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында, Солтүстік Қазақстан облыстық сотында ЖСК мүшесі, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы Олеся Юрьевна Цайдың заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен кездесуі өтті.

Қатысушылар үш санатқа бөлінді: біліктілік емтихандарын тапсыруға ниет білдірген кандидаттар, судьялар мен емтихан тапсырғандар, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымға және басқарушы судья лауазымына кадрлық резервке өтініш берген қызметтегі судьялар.

ХАБАРЛАНДЫРУ

25/09/2023

2023 жылғы 28 қыркүйекте Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының судьясы О.Ю.Цаймен заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өтеді.

Кездесуге шақырылады:

Есіл аудандық сотымен еңбек қатынастары фактісі анықталды

15/09/2023

Аз. К. 2022 жылғы 18 қазанда зейнеткер жасына толды.

Алайда, аз. К-ға жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау кезінде 1992 жылғы 7 желтоқсаннан 1996 жылғы 21 қыркүйек аралығында Ленин АІІБ электр монтері болып жұмыс атқарған кезеңі жалпы еңбек төлеміне енбеген.

Аз. К. еңбек өтілін растау үшін Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына жүгінеді, бірақ та оның өтінішінің нәтижесі болған жоқ.

Қызылжар аудандық сотының төрағасы ауылдық округтің тұрғындарымен кездесу өткізді

14/09/2023

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құзыреті кеңейтілді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 27 наурыздағы Заңға сәйкес 2015 жылғы 31 қазандағы ҚР АПК және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

Осылайша, заңға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың соттылығын кеңейтетін  түзетулер енгізілді.

Сотпен ТКШ бөлімінен материалдық зиянды өтеу туралы талап арыз қанағаттандырылды

08/09/2023

СҚО Уәлиханов аудандық сотымен С. азаматының ауданның Тұрмыстық коммуналдық шаруашылық бөлімінен материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

С. азаматы Уәлиханов ауданында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйдегі, бір пәтердің иесі болып табылады. Екінші пәтер ТКШ бөлімінің балансында тұр, осы пәтерде, СҚО бойынша сот сараптамалардың Институтының сарапшының қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың қараша айында от шыққан. Нәтижесінде екі пәтер де өрттенген.

Беттер