Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотықа кіру режимі сұрақтары бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандарымен ҚР Жоғарғы сотының, ҚР жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету бойынша Департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимаратына келушілер үшін кіру және объект ішілік режимді сақтау бойынша Ережесі жөнінде семинарлық сабақ өткізді.
Семинар барысында сот жасауылы А.Скрипник жаңа Кіру режимі Департаменттің және аумақтық органдарының, соттардың аумағына, әкімшілік ғимараттарына бейтаныс адамдардың кіруін болдырмау, тізімде көрсетілген заттар мен сұйықтықтарды кіргізуді (алып шығуды), әкелуді, енгізуді жою, шақырылған тұлғалардан басқа келушілірдің сакцияланбаған кіруін болдырмау, және сот ғимараттарының терроризимнен қорғау, судьялар, жұмысшылар мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау мақсатында бекітілді.
Сот жасауылынын сөзіне сүйенсек аталған шаралар соттарды қорғау дәрежесінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
Семинар соңында сот жасауылымен мамандардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған талаптарды сақтау бойынша ұсынымдар айтылды.
 
 
Источник: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты