«Дөңгелек үстелде» кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының №2 аудандық сотында  «Қолданыстағы қылмыс - іс жүргізу мен әкімшілік заңнамасының нормаларын сақтау. Қылмыс, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындалуы» - тақырыбына, аудан прокуратура мен Айыртау ауданының ІІБ-нің өкілдері, адвокаттар, сот орындаушылар, «Көкшетау» МҰТП Арықбалық филиалының қызметкерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен «дөңгелек үстелде» кездесу өтті.
Аудандық сотының төрағасы М.Н.Рамазанов сәлемдесу сөзінде, жоғарыда көрсетілег іс-шара, қылмыс-іс жүргізу мен әкімшілік заңнамасының нормаларын қатаң сақтау, ішкі істер бөлімдерінің, прокуратура және орындау өндірісінің органдарының жұмыс сапасын жақсарту, сонымен қатар сот актілерін дұрыс және уақытында орындауды қамтамасыз ету мақсаттарымен өткізіліп жатқаны туралы хабарлады.
Іс-шараға қатысушылар «Дөңгелек үстелде» қылмыс пен әкімшілік істер бойынша материалдарын рәсімдеу, әкімшілік құқық бұзышылықтарды жасағаны туралы хаттамаларды толтыру және аталған істерді сотқа уақытылы жолдау тәртібі бойынша туындаған сұрақтарды талқылады.
Іс-шара өткізілу барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша шығарылған сот актілері ұзақ мерзімде орындалмай жатқаны және сот актілері орындалғаны туралы ақпаратты заң талаптарына сай көзделген уақытта жолдамағаны бойынша сұрақтарға аса көңіл аударылды.
Ішкі істер бөлімдерінің, прокуратура органдарының тарапынан қылмыс, әкімшілік істер мен материалдарды рәсімдеу барысында жұмыс сапасын, сот актілерін уақытында және бұлжытпай орындау бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сонымен қатар азаматтардың сот жүйесіне сенімін жоғарлату, қоғамдағы сот билігінің абыройын нығайту туралы айтылған ұсынымдар, өткізілген іс-шараның соңы болды.

 

 

 

 

 

Источник: 
Айыртау ауданының №2 соты