Баласының балағат сөзі үшін анасына әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылғанауданаралық сотында ҚРӘҚБтК-нің 435 б. бойынша азамат В-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысы барысында Тайынша қ. кәмелетке толмаған 2003 жылы туылған В. Р-ға  балағат сөздер айтқандығы анықталды, сонымен ол ұсақ бұзушылық жасаған. Заңға сәйкес қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекет ұсақ бұзушылық болып табылады, яғни ҚРӘҚБтК-нің 435 бабымен реттеледі.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен  азамт В-ға 15883 теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Источник: 
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты