Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Айыртау аудандық  сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі   бойынша  азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай азамат К. алкогольдік масаң күйде, өзінің тұрғылықты үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзімен бірге тұратын әйеліне былапыт сөздер айтып, осы әрекетімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот мәжілісінде тараптар медиациялық келісімге келіп, сотқа  дауды медиациялық келісіммен аяқтау туралы келісімді ұсынған.
Сот қаулысымен әкімшілік іс тараптардың медиациялық келісімге келулеріне байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Источник: 
Айыртау аудандық соты