Петропавл қалалық соты

Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіпте қарау тәртібі

20/11/2015
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық сотында облыстық соттың судьясы Г.К.Бекенованың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрайымы Н.М.Жәнібекованың, Петропавл қалалық соты судьяларының, Петропавл қ. прокуратурасының, СҚО бойынша көлік прокуратурасының, Петропавл қ. ІІБ-нің, Петропавл қ. ІІЖБ-нің өкілдерінің, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы адвокаттарының қатысуымен «Қылмыстық істерді  қысқартылған тәртіпте қарау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Петропавл қалалық сотында Ұлт жоспары – 100 нақты қадам талқыланды

28/07/2015
Петропавл қалалық сотында судьялардың, Петропавл қ. прокуратура органдарының, Петропавл қ. ІІД-нің, Солтүстік Қазақстан облысының әділет Департаментінің өкілдерінің және Солтүстік Қазақстан облысының қорғаушылар алқасының қорғаушылырының қатысуымен «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бөлігіндегі елбасының институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Д.А. Сагиноваға және А.И.Поплавскийге қатысты қылмыстық іс бойынша баспа релизі

30/06/2015
 
 
Петропавл қалалық сотының үкімімен «Петропавл қ. жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Д.А. Сагинова ҚР ҚК-нің 366б. 3б. 4т. бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның пара берушiнiң пайдасына қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін әрекеттерді  жасағаны үшін бірнеше рет пара берушіден ақша түрінде пара алған.

Халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Петропавл қалалық соты қамқорлықтарындағы балаларды құтықтады

01/06/2015
 Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінің қарсаңында Петропавл қалалық сотының ұжымы «Жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернаты» ММ-нің тәрбиеленушілерімен қалалық  мәдениет және демалыс саябағында кездесу ұйымдастырды.
Бұл күні ауа райы балаларға өзінің жылы сәулесімен шуағын төкті, ал сот ұжымы баларға ұмытылмас мереке сыйлады. Саябақта балалар әртүрлі әткеншектерде тербеліп, ертегі әлемінің кейіпкерлерімен суретке түсті.

Естерінде болу үшін

08/05/2015
Жеңістің 70 жылдығы мерекесінің қарсаңында Петропавл қалалық сотының ұжымы «Жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернаты» ММ-нің тәрбиеленушілеріне Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайына баруларын ұйымдастырды.
Балалар экскурсия жетекшісінің Жердегі өмірдің пайда болуы, алғашқы адамның шығу-тегі туралы еліктіргіш әңгімесін қызыға тыңдап,  әр түрлі тарихи экспонаттарды қарап көрді.

Жеке айыптау істері бойынша өзекті мәселелерді талқылау

17/03/2015
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотында судьялардың, прокуратурара, Петропавл қаласы ІІБ және Солтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау тәртібінде азаматтардың жүгінулерін сотқа жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жоғары оқу орнының студенттері заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістермен танысты

28/01/2015
Петропавл қалалық сотында «Ашық есік күні»  өткізілді, оған болашақ заңгерлер - М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері қатысты. Жоғары оқу орны студенттерімен өткізілген негізгі сұхбат заңнама жаңашылдығы, сонымен қатар судья кәсібінің ерекшеліктері төңірегінде болды.
Кездесу кезінде студенттер сотқа ҚР ҚК-тің 259-бабының 1-1 бөлігі бойынша сотталушы А.-ға қатысты  судья М.М. Гусевтің төрағалығымен  қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесіне қатысты.

Беттер