Петропавл қалалық соты

Петропавл қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

04/12/2014
 
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотында тұрғындар арасында сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін нығайту мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.Онда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақөсан Мемлекеттік Университеті жанындағы  колледждің 3 курс студенттері қатысты.
Колледж студенттерінде судья Михаил Гусевтің төрағалығымен өткен ұрлық жасау, яғни ірі көлемде, топ адаммен бөтеннің мүлігін жасырын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша сот процесіне қатысу мүмкіндіктері болды.

Сот актілерін орындау кезінде туындайтын құқықты қолдану тәжірбиесіндегі жеке мәселелер

27/11/2014
 
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотында прокуратура органының, СҚО Әділет Департаменті жанындағы соттардың үкімдерін орындау бойынша бөлімнің, Петропавл қаласы Әділет Департаментінің    өкілдерінің,  СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының, Петропавл қалалық сотының мамандарының қатысуымен «Сот актілерін орындау кезінде туындайтын құқықты қолдану тәжірбиесіндегі жеке мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот жүйесі ардагерлерімен кездесу

01/10/2014
  Петропавл қалалық сотының ұжымы «Қарттар күні» мерекесінің алдында ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.
     Мерекелік шараны сот төрағасы Әбдіқаххар Еркебаев ашты. Ол барлық ардагерлерге мықты денсаулық, амандық тіледі, сонымен қатар қазіргі таңда сот жүйесінің жұмысы ашық және қолжетімді болғанын  атап өтті. Заманауи техникалық құралдардың арқасында интернет арқылы соттың сайтына кіруге және қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкін екенін айтты.

Беттер