А.И.Алханишвилиге қатысты қылмыстық іс бойынша баспа – релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қалалық сотының 31 шілде 2015 жылғы үкімімен Антон Илиевич Алханишвили ҚР ҚК-нің 174 бабы 1 бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, яғни әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау,  ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасағаны үшін.
Осы бап бойынша А.И.Алханишвилиге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, жазасын түзеу колониясының жалпы тәртібінде өтеу тағайындалды.
Сотпен А.И.Алханишвили өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында өзінің «Lenovo Ү510р» маркалы ноутбугі арқылы интернет – ресурсындағы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне «GoreGrind» бүркеншік есім арқылы кіріп, тура қасакөйлік ниетпен 2013 жылдың шілде айынан 2015 жылдың 06-шы наурызына дейін қасакөйлік ниетпен әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған фотокарточкаларды және бейне файлдарды орналастырғаны анықталды.
Сонымен қатар, А.И.Алханишвилидің қылмыстық әрекеттері Қазақстан республикасы Әділет министурлігінің Астана  қаласының сот сараптамасының орталық институтының сарапшысының қорытындысымен расталады, оған сәйкес интернетте жарияланған материалдарда ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру белгілері  бар.
 
Қайнар: 
Петропавл қалалық соты