Д.А. Сагиноваға және А.И.Поплавскийге қатысты қылмыстық іс бойынша баспа релизі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
 
Петропавл қалалық сотының үкімімен «Петропавл қ. жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы Д.А. Сагинова ҚР ҚК-нің 366б. 3б. 4т. бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның пара берушiнiң пайдасына қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін әрекеттерді  жасағаны үшін бірнеше рет пара берушіден ақша түрінде пара алған.
Осы үкіммен «Жер ғылыми өндірістік орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының Петропавл қалалық бөлімшесінің бастығы А.И.Поплавский ҚР ҚК-нің 367б. 3б. 3т. бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін  кінәлі деп танылды, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға  бірнеше рет пара берген.
Д.А.Сагинова «Петропавл қ. жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы бола тұра,  өзінің функционалдық міндеттеріне  жер заңнамасының орындалуын реттеуі кірсе де, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, қасақана бірнеше рет мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайластық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таналды, яғни А.И.Поплавскийден 10000 (он мың) теңге және 35 000 (отыз бес мың) теңге соммасында пара алған.
Сот үкімімен Д.А.Сагиноваға  пара соммасының жетпіс еселенген мөлшерінде 2450000 (екі миллион төрт жүз елу мың) теңге соммасында айыппұл салынып, өзіне тиесілі мүлкін тәркіленіп, мемлекеттік органдарда және жергілікті өзін – өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойы айыруға сотталған.
А.И.Поплавский «Жер ғылыми өндірістік орталығы» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының Петропавл қалалық бөлімшесінің бастығы бола тұра мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайластық қылмыс жасағаны, бірнеше рет   мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға, Д.А.Сагиноваға өзі   10000 (он мың) теңге және 35 000 (отыз бес мың) теңге соммасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен А.И.Поплавскийге пара соммасының қырық еселенген мөлшерінде 1400000 (бір миллион төрт жүз мың) теңге соммасында айыппұл, өзіне тиесілі мүлкін тәркіленіп, мемлекеттік қызметті атқару мен байланысты қызмет ету құқығынан өмір бойы айыруға сотталған.
 
Қайнар: 
Петропавл қалалық соты