Р.А. Усмановқа, М.И. Харсиевке қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қалалық сотының 2015 жылғы 20 ақпандағы үкімімен Р.А. Усманов ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі (пара алу) бойынша, атап айтқанда, «Солтүстік Қазақстан облысының Құрылыс басқармасы» ММ бастығының м.а. лауазымында қызмет ете отырып, лауазымды тұлға бола тұра материалдық жағынан баю мақсатында 2014 жылғы 21 мамырда М.И. Харсиевтен өзінің қызметтік өкілеттігіне жататын әрекеттері үшін, яғни Мамлютка қаласында «Құрылыс-Сервис СК» ЖШС жүзеге асыратын 300 орындық мектептің құрылысы бойынша орындалған жұмыстың (іс жүзінде толық көлемде орындалмаған) актісіне қол қойғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 16.09.2014 жылғы мөлшерлемесіне сәйкес 1 822 000 (бір миллион сегіз жүз жиырма екі мың) теңгені құрайтын 10 000 (он мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат түрінде пара алуда кінәлі деп танылды.
Р.А. Усмановқа мемлекеттік қызметте 3 (үш) жыл мерзімі ішінде лауазымдарды атқару құқығынан айырып, өзіне тиесілі барлық мүлікті тәркілеу арқылы, 6 (алты) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеу тағайындалды.
М.И. Харсиев ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігі (пара беру) бойынша  «Құрылыс-Сервис СК» ЖШС-ны басқара отырып және Басқарманың ЖШС-ның атына ақшалай қаражаттарды заңсыз жедел аударылуына мүдделі бола отырып, Р.А. Усмановтың талаптарына ерікті түрде келісіп, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласында «Құрылыс-Сервис СК» ЖШС салып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыс актісіне қол қоюды тездету мақсатында, лауазымды тұлғаға, яғни «Солтүстік Қазақстан облысының Құрылыс басқармасы» ММ бастығының м.а. Р.А. Усмановқа 10 000 (он мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат түрінде параны өз қолымен берген.
М.И. Харсиевке коммерциялық ұйымдарда 3 (үш) жыл мерзімі ішінде лауазымдарды атқару құқығынан айырып, өзіне тиесілі барлық мүлікті тәркілеу арқылы, 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеу тағайындалды.
Сонымен бірге, процессуалды заңды бұзуға жол берген тергеу органдарының атына сот жеке қаулы шығарды. 
 
Қайнар: 
Петропавл қалалық соты