Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында құрамына жергілікті қоғамның беделді өкілдері: ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілі, БАҚ өкілдері енетін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.  
Судьялық корпустың сапалы құрамын қалыптастыруда көмек көрсету аталған кеңестің негізгі міндеті болып табылады.
Судья лауазымына кандидаттардың іскерлік және жеке басының қасиеттеріне, судья беделі мен абыройына дақ келтіре алатын немесе оның сот төрелігін шынайы, адал, заңды және әділ іске асыруына күмән тудыра алатын мән-жайларға ерекше көңіл бөлінді.
Бұл жолы Кеңестің мүшелері судьялардың бос орындарына орналасу конкурсына қатысатын 11 кандидатты қарады. Кеңес мүшелері барлық кандидаттарды сипаттайтын ақпаратпен танысып, судья лауазымына үміткердің әрқайсысымен жеке әңгімелесуді өткізді.
Судья лауазымына кандидаттарға қатысты қоғам пікірін анықтау мақсатында олардың тізімі облыстық соттың ресми сайтында, жергілікті газеттерде, теледидарда жарияланып, сот ғимаратының ақпараттық стендінде орналастырылды. 
Ашық дауыс беру арқылы судья лауазымына ұсынылған 11 кандидаттың 9-ы Кеңес мүшелерінің оң қорытындысына ие болды. Екі кандидатқа теріс қорытынды берілді.
Одан кейін облыстық соттың жалпы отырысы өткізілді.
Жалпы отырыс аталмыш кандидаттарды талқылап, талқылау нәтижесі бойынша 8 үміткерге оң қорытынды, ал 3 үміткерге теріс қорытынды берді.
Жалпы отырыста келешекте Жоғары Сот кеңесінің отырысында қаралатын өтініш берген кандидаттар талқыланды.
 
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі