Шағымды қанағаттандырудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   2014 жылдың 3 сәуірінде М.В. Данилов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы 4-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 27.03.2014 жылы Петропавл қ. ІІБ ЖППБ полицейі О.К. Ковалев шығарған қаулыға шағым келтіру үшін Петропавл қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотына жүгінді. Соттың 09.04.2014 жылғы ұйғарымымен шағымды қанағаттандырудан бас тартылды, лауазымды тұлғаның қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.
   Осылайша, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы 4-бөлігіне сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бекітілген ережелеріне сай келмейтін көлiк құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
   Атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы Жол қозғалысы ережесінің №4 қосымшасындағы 7.3 тармағына сәйкес, жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн қосымша заттар орнатылған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
   Жол қозғалысы ережесіне сәйкес көлік құралдарының параметрлерін тексеру әдістері ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004 құжатында айқындалған, оның 4.8.3-тармағында жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн (артқы көрініс айнасын, әйнектазалағыштың бөлшектерін, сыртқы немесе әйнекке  орнатылған радиоантенналарды, маңдай әйнегін ерітуге және кептіруге арналған құралдың қыздырғыш бөлшектерінен басқа) қосымша заттар мен жабындылардың болуына жол берілмейтіні көрсетілген.
   Атап айтқанда, СТ РК ГОСТ Р 51709-2004 құжатымен бекітілген бұл нормада артқы көрініс айнасы мен әйнектазалағыштың бөлшектері жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн заттар деп танылған, алайда олардың нақты жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналғанына байланысты маңдай әйнегінде орнату көзделген.
   Аталмыш жағдайда М.В. Данилов жүргізген «ГАЗ 3302» автокөлігінің маңдай әйнегінде бейнежазбаға арналға екі құрал орнатылған болатын, олардың біреуі әйнектазалағыштың аумағында, екіншісі артқы көрініс айнасының орнында болған. Яғни бұл заттар жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналмаса да, маңдай әйнегінде жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн жерлерде орнатылған.
   Полиция инспекторының қаулыны шығару барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің іс жүргізу нормаларын бұзғаны туралы М.В. Даниловтың дәлелдері сот отырысында зерделенген іс материалдарымен расталған жоқ.
 
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты

 

Қайнар: 
СҚО, әкімшілік соты,