Мамлют аудандық соты дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық сотында, әкімдік, салық басқармасы, қаржы және экономика бөлімі өкілдерінің, Мамлютка қаласы заң консультациясы адвокаттарының қатысуымен «Сот кабинеті» электоронды сервисін еңгізу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мамлют аудандық сотының төрайымы Танзиля Маратовна Бекмагамбетова, іс-шараны аша отыра бүгінгі кездесу қажет екендігін атап өтті, себебі барлық сот жүйесі алдында «Сот кабинеті» жаңа электронды сервисін қолдану және еңгізуге сәйкес, қойылған мақсаттарды іске асыру бойынша көп жұмыс атқару қажет.
Дөңгелек үстел барысында Жоғарғы Сот пен электронды өзара іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Сот кабинеті» сервисі әзірленген. «Сот кабинеті» арқылы (өтініш, талап арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді, сот отырысы хаттамасына электронды ескерту өтінішін, сот отырысы хаттамасының электронды көшірмесін беру туралы өтінішті) сотқа электронды түрде беру қарастырылған.
Бұл сервис арқылы жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа құжаттарды (арыз, өтініштерді) электронды түрде, «Сот кабинеті» сервисінде орналасқан электронды формаларды толтыру арқылы бере алады.
Қатысушыларға «Сот кабинеті» сервисі мен қатар Egov электронды үкімет порталы арқылы сотқа электоронды құжаттарды тапсыру қызмет атқаратындығы түсіндірілді.
Кеңсе меңгерушісі С.В. Павлухина қатысушыларды электронды құжаттарды «Сот кабинеті» сервисі және Egov электронды үкімет порталы арқылы тапсыру тәртібімен нақты таныстырып өтті.
Бүгінгі күні Мамлют аудандық сотына «Сот кабинеті» арқылы «СҚО Мамлют аудандық Салық басқармасынан» 6 өтініш түсті, оның 4 қарастырылды.
Кездесу соңында сот төрайымы Т.М. Бекмагамбетова қатысушыларға қатысқандары үшін ризалығын білдіріп, жеке және заңды тұлғалардың «Сот кабинеті» электронды сервисін белсенді қолданатындығына сенетінін атап өтті.
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының ақпарат қызметі
 
 
 
Пресс-служба Северо-Казахстанского областного суда