Архив событий

29/08/2014

Құрмет хатымен марапатталды

29/08/2014
   2014 жылғы 28 тамызда С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми кітапханада «Конституция мира и созидания» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде белсенді қатысқаны үшін Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Айдар Смағұлов С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми кітапханасының құрмет хатымен марапатталды.
С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханамен ұйымдастырылған дөңгелек үстел мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналды.

Сау бол жаз, сәлем мектеп

29/08/2014
  1 қыркүйек қарсаңында Петропавл қалалық сотының ұжымы өздерінің қамқорлығындағы «Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат» ММ-нің тәрбиеленушілерімен кездесті.
      Сот ұжымына өздерінің қамқорлығындағы балалармен кездесу салтқа айналды.
    Осы күні сот балаларға арнап «Пираты Карибского моря» атты балалар  фильмінің басты кейіпкерлерінің бірі Джек Воробейдің және оның серігі Джонидің қатысуымен әсерлі көрініс жасады.