Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Аналар үйіне барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Петропавл қ. орналасқан «Аналар үйіне» барды.
Жүктіліктің соңғы айларында және жаңа туған сәбилермен ауыр жағдайларда қалған әйелдерді қолдау  кризис оталықтары еліміздің барлық аймақтарында Аналар үйі болып қайта ұйымдастырылды. Осы үйлер Қазақстан Республикасында жетім балалардың санын азайту мақсатында, өмірлік қиын жағдайға душар болған аналарды қолдау үшін ұйымдастырылды. Аналар үйі әлеуметтік бағдарламасы ауқымды қоғамдық пікір тудырды және сот ұжымы бағдарламаны қолдау мақсатында жас аналарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.
Ұжым атынан сот төрағасы С.В. Викторенко жас аналарды шын жүректен құттықтады, оларға мықты денсаулық, жұмыста жеміс, балаларды тәрбиелеу кезіндегі қиындақтарды мойымай еңсеруге тілек білдірді.
Судья Б.М. Сатвалдинова өз мысалымен, әйел үшін ана болудан басқа бақыт жоқ екенін айтты.
Кездесу соңында сот ұжымымен дайындалған сыйлықтар сыйлады.
Источник: 
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты