КонституцияныңТұрақтылығы – Қазақстаның Тұрақтылығы!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Петропавл қаласының № 2 соты Конституцияның мерекелік күніне  арналған өз келушілерінің назарына флайерлер даярлады!
Конституция күніне арналған флайерлер сот фойесінде орналастырылған. Сотқа келушілер егемен мемлекетіміздің Конституциясымен анығырақ таныса алады.
Біз  Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 - жылдығынатап өткелі жатырмыз!
Жиырма жыл бұрын – 1995 жылы 30 тамыз күні – республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық  негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырады, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін  айқындады. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам  дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.
Біз еліміздің үлкен өрлеуінің куәгері болдық, олбүкіл халықтың бірлігі мен достығының  арқасында,экономиканың дамуы,  әлеуметтік берекелігі, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылығы, мәдениеттік жетістікке әкелді!
Біздің Отанымыздың игілігі үшін біздің Конституция қойылған мақсатымызға жету ушін күш пен сенімділік береді!

 

Источник: 
Петропавл қаласының № 2 соты