Архив событий

26/03/2015

«Қазақ хандығының атақты адамдары» атты ақпараттық сағат

26/03/2015
Ғ.Мүсірепов ат. аудан сотының қызметкерлері ауданның орталық кітапханасында өткен «Қазақ хандығының атақты адамдары» атты ақпараттық сағатқа қатысты.
Іс-шараға сонымен қатар аграрлық-техникалық колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты. Қатысушылар қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау бойынша тұжырымдамамен танысты. Қатысушыларға «Қазақстан хандары – атақты адамдары» атты деректі көрме көрсетілді.