Архив событий

03/03/2015

Сот процестерінің дыбыс-бейне фиксациясын қолдану

03/03/2015
Сот жүйесінің қызметіне ақпараттық технологияларды ендіру аясында Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот процестерінің дыбыс-бейне фиксациясы жүйелерін» қолдану бойынша сот отырысының хатшыларымен және «INTEGRITY» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен семинарлық сабақтар өткізілді.
Іс-шара барысында жобаны іске асыру сұрақтары талқыланды, дыбыс-бейне фиксациясын қолдану рәсімдері және сот отырысының толық және қысқа түріндегі хаттамаларының жобалары көрнекі көрсетілді.