Архив событий

20/03/2015

«Наурыз» мерекесі қарсаңында судьялар балалар үйлерінің балаларымен кездесті

20/03/2015
Солтүстік Қазақстан облысының судьялары Наурыз мерекесі қарсаңында балалар үйлерінің балаларымен кездесіп қайырымдылық ақциясын ұйымдастырды.
Айталық, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Отбасылық балалар ауылы» КММ-нің балаларын құттықтаса, Петропавл қалалық соты «Облыстық жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» ММ-нің бүлдіршіндерімен кездесті.