Архив событий

18/03/2015

Талап қою мерзімін қолдану мәселелері

18/03/2015
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларымен бейнеконференцбайланыс құралы арқылы «Факторинг шарттары, талап ету құқығын беру шарттарының негізінде банкілік заем шарттарынан шығатын несиелік міндеттемелерде тұлғалардың ауысу барысында талап қою мерзімін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында бұл сұрақтар өзекті болып табылатыны айтылды, сондықтан оларды қарау барысына аса көңіл аудару қажет.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары Форумға қатысты

18/03/2015
2015 жылғы 18 наурызда Петропавл қаласында облыс әкімі Е.Х.Сұлтановтың қатысуымен «Қазақстанда жасалған» атты Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Форумы өткізілді, сондай-ақ Форумға Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы С.С.Тілегенов және Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы А.И.Дигант қатысты.
Форумның мақсаты – отандық өндірушілерге мемлекеттік қолдау жасау.