Жаңалықтар

Салауатты өмір салтын ұстанамыз

19/03/2014

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық- бір ел-бір тағдыр» атты Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтының және спорттың рөлін ерекше атап көрсетті. Сонымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты тұрақты дамыту мақсатында "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарлама халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасауға бағытталған.

К.К. Асимжановаға қатысты қылмыстық іс бойынша пресс-релиз

18/03/2014

   Алдын ала тергеу органдары К.К. Асимжанованы  ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі «а» тармағы бойынша айыптаған – яғни, ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Медиацияны дауларды шешудің балама тәсілі ретінде қолдану

17/03/2014

    Солтүстік Қазақстан облыстық сотында аймағымыздың кәсіби және кәсіби емес медиаторларының, прокуратура, әкімдік, адвокатура, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өкілдерінің қатысуымен «Дауларды шешудің балама тәсілдері жүйесіндегі медиация» тақырыбында семинар өтті. Осындай семинардың алғашқы рет қашықтықтан өткізілгені айшықты оқиға болды. Кәсіби емес медиаторлар аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимараттарынан онлайн-байланыс арқылы осы соттардың төрағаларымен бірге іс-шараны бақылап, оның толық құқылы қатысушысы болуға мүмкіндік алды.  

Есірткіге қатысты қылмыстар бойынша көкейкесті мәселелер талқыланды

17/03/2014

  Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 14 наурызда Солтүстік Қазақстан облыстық соты оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Г.Қ.Бекенованың, прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыстарды саралау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қызметтік өзара түсіністік

14/03/2014

   Айыртау ауданының №2 аудандық сотында «Соттардың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара байланысы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына соттың судьялары мен мамандары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

А.Л. Колесниковке қатысты қылмыстық іс бойынша пресс-релиз

11/03/2014

    Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы үкімімен А.Л. Колесников ҚР ҚК 104-бабының 2-бөлігі «д» тармағы, 257-бабының 3-бөлігі, 58-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

Соттағы салтанатты күн

07/03/2014

 Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сот аппаратының қызметкерлері қатысты.  Отставкадағы судьялар мерекенің сыйлы қонақтары болды.

СҚО-да сот алғаш рет ЕС-164/6 мекемесімен «Оn-line» тәртібінде сот отырысын өткізді

06/03/2014

   Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауына, Қазақстан Республикасы Судьяларының  VI-съезінде қойған міндеттеріне, сондай-ақ Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Ә. Мәми айқындаған басты тапсырмаларға сәйкес, соттар ғылыми-техникалық құралдарды қолданумен сот төрелігін іске асырудың жаңа деңгейіне өтуі тиіс.

Саламатты өмір салтын қолдай отыра

05/03/2014

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2014 жылдың 1 наурызында Судьялар Одағының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Денсаулық күні» спорттық іс-шарасын ұйымдастырды.

Беттер