А.Л. Колесниковке қатысты қылмыстық іс бойынша пресс-релиз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы үкімімен А.Л. Колесников ҚР ҚК 104-бабының 2-бөлігі «д» тармағы, 257-бабының 3-бөлігі, 58-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеуге сотталды.
   Сот А.Л. Колесниковті 2013 жылдың 16 мамырында күндізгі уақытта Қызылжар ауданының Бескөл ауылында жәбірленуші Г. мен Х.-ға жарақат салатын қарудан атып, олардың денсаулықтарына орташа және кішігірім ауырлықтағы дәрежеде зиян келтіре отырып, сонымен бірге Б.-ға тиесілі автомобильді бүлдіре отырып, жәбірленуші Г, Х. және Б.-ға қатысты бұзалықылық әрекет жасауда кінәлі деп таныды.
   Сотталғанның адвокаты өзінің қорғауындағы адамның кінәсінің дәлелденгені туралы соттың тұжырымдарын даулап, сотталғанның қорғану құқығы бұзылғандықтан, үкімнің күшін жоюды сұрай отыра, сот үкіміне апелляциялық шағым келтірді.
   Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі  апелляциялық сот алқасы 2014 жылғы 11 наурыздағы үкімімен Қызылжар аудандық сотының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы А.Л. Колесниковке қатысты үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды.
   Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоя отырып, апелляциялық алқа сотталушының қорғану құқығының бұзылуына соттың жол бергенін анықтады, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес аталмыш мән-жай үкімнің күшін жоюға мүлтіксіз негіз болып табылады. Апелляциялық алқа сотталушы А.Л. Колесниковке қорғану құқығын толық көлемде қамтамасыз ету арқылы анықталған заң бұзушылықты жойып, осыдан соң оған қатысты жаңа айыптау үкімін қаулы етті. Айыптау үкімін шығаруға А.Л. Колесниковтің оған айып етіп тағылған қылмысты жасағанын толық әшкерелейтін дәлелдердің жиынтығы негіз болды.
   А.Л. Колесниковке тағайындалуы тиіс жазаның мөлшері мен түрі жөніндегі мәселені шешу барысында апелляциялық алқа ҚР ҚІЖК 420-1 бабының 2-бөлігіндегі талаптарды басшылыққа алды, аталмыш бапқа сәйкес жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.
   Істі апелляциялық сатыда қарау кезінде прокурор А.Л. Колесниковке тағылған айыпты толығымен қолдап, бірінші сатыдағы сот тағайындаған жазамен келісетінін айтты.
   Жоғарыда баяндалған мән-жайларды ескере келе, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы А.Л. Колесниковке 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын өтеуге жалпы режимдегі түзету колониясын белгіледі.
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі