Соттағы салтанатты күн

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сот аппаратының қызметкерлері қатысты.  Отставкадағы судьялар мерекенің сыйлы қонақтары болды.
   Салтанатты іс-шара облыстық сот төрағасы М.Әкетайдың құттықтау сөзінен басталды.
   «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  басшыларының атынан, өзімнің, ұжымымыздың ер адамдары атынан баршаңызды көктемнің төл мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
   Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің  және дархан көңілдің көрінісі болып қалыптасқан, бүгінгі мереке сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
   Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және қоғамдық мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
   Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Әрқашан шаңырақтарыңыз биік болып, үйлеріңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға  береке-бірлік, әрқашан сәттілік тілеймін», - деп құттықтады Мұратғали Әкетай.
   Іс-шара барысында 8-наурыз мейрамының құрметіне судьялар марапатталды, атап айтқанда, орнынан түскен судьялар Галина Лазаревна Бондаренко мен Нәсіл Баймырзақызы Исенова Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрмет белгісімен, Тимирязев аудандық сотының төрағасы Сәуле Жолдасқызы Садықова Судьялар одағының құрмет грамотасымен марапатталды. Тайынша ауданының №3 аудандық сотының судьясы Гүлім Еламанқызы Әлжановаға алғыс жарияланды.
   Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасып, сыйлықтарды табыс етумен тәмамдалды.
 
   Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Тегтер: