Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі М.Хожабергенов Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырыс жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Мұрат Хожабергенов Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыс жұмысына қатысты, оның барысында қатысушылар жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары конкурсына үміткерлерді талқылады.
Іс-шараны аша отырып, облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.
М.Хожабергенов облыстық соттардың жалпы отырыс жұмысының басты міндеті судья лауазымына дайындықтан өткен және ең сауатты мамандарды анықтау болып табылатынын атап айтты. Нақты аталған бағытта жалпы отырыс жұмысының тиімділігі Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 Қоғамдағы пікірді білу мақсатында үміткердің тізімі облыстық соттың ресми сайтында, «Северный Казахстан» және «Солтүстік Қазақстан» газеттерінің беттерінде жарияланған болатын.
Жалпы отырыстың алдында құрамына жергілікті қоғамның белді өкілдері, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, БАҚ-тың өкілдері және сот жүйесінің ардагерлері кіретін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Жалпы отырыстың қатысушылары конкурсқа қатысып отырған үміткерлерді қарастырып, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттеріне және іскерлік бейнесіне ерекше назар аударды.
Үміткерлерді талқылаудың нәтижесі бойынша облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын 10 адам алды, алайда үміткерлердің біреуіне жоғары тұрған лауазым - соттың төрағасына конкурсқа қатысуға теріс қорытынды берілді, сонымен қатар судья лауазымының бос орнына орналасу үшін оң қорытынды берілді. Алдағы уақытта көрсетілген үміткерлер Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қаралатын болады.
 
Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі